Адасты, жаңылды, бұрыс жолға түсті. ~ Оқығандардың жолдан тайып кетуіне себеп болатын – бар адамның табиғатына біткен жергілікті мінездер. Ж.Айм. ~ Міне, түзу жолдан тайған адамзатты жөнге салу мақсатында түрік-моңғол нәсілі осындай глобалистік (қазіргіше жаһандану») жоспарды күн тәртібіне қойған. Т.Әс. ~ Құдай Адамды о баста өз жанында яғни Жәннатта ұстау үшін жаратқанын айтады дін. Алайда Сайтанның азғыруымен Хауа Анамыз Құдай тағала тиым салған жемістен жеді. Адам Атаны азғырды. Ол да жолдан тайды. С.Ел. ~ Дүние неге бұлай жаратылған? Ал адам баласы дүниеге бір – біріне тек жақсылық істеу үшін ғана келеді емес пе? Неге адал жолдан таяды? І.Ес.
