Posted in

ЖОЛЫҢ ӘНЕ

Кетем десең ешкім ұстамайды д.м. ~ Дала – кенен, адам – ноқат. Саған жайлы ма, жайсыз ба – далаға бәрібір; далада қалау болмайды. Тұрғың келсе– тұр. Тұрғың келмесе – жолың, әне. Ал адамға бәрібір емес. Ш.Айт. ~ Енді ауылға барып үлесіңді алып қайт. Ал еруге ұнамасаң жолың әне, қайда болсаң аман жүр! Б.Жұм. ~ Сен сияқты мұрынбоқ академиксіз де мына өртеніп кеткір Анархай бар болатын, сен кетсең одаң Анархай жер астына түсіп жоқ болар деймісің! Кет, кетсең, жолың әне! Ш.Айт.