Қай ісінің де сәтін береді, жұлдызы ылғи оңынан туады.
~ “Райымның” тышырақайы есіне түсті. Ол қазір қамау судың балығына белшесінен батып жатқан болар? Жолы болғыш сыралғы неме мынадан кейін есіріп шыға келер-ау. Ә.Нұрп. ~ «Жолы болғыш келеді мұңдайлардың» деп ойладым мен ішімнен. Ә.Нұрш. ~ Бұл тағдыр соны да көпсінсе керек. Бәсе, неғып жолым болғыш боп кетті деп өзім де іштей күдіктенуші едім, итімнің қырын жүгіретін қашаннан әдеті емес пе. Т.Сәу.
