Posted in

ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Тұтылды, тұзаққа түсті; кедергіге тап болды. ~ Көрген күнім қараңғы зынданнан да жаман болады. Төркініне апарып тастайын десем, екеуінен туған бала- шағаларды қайда жіберем? Жолымның кесілген жері осы болды. Ә.Шәр. ~ Алдымнан көрген емес жол кес іліп, Келемін демеуіңмен өрге шығып. О, адамдар, ғапу ет, шалыс бассам, Кешіріңдер, Менікі пендешілік. Т.Айб. ~ Институтты да тастады, Нұрайнадан да айырылды. Ауыл-аймаққа, ел-жұртқа, туған-туысқа барар бет қалмады. Жол кесілді. Қаңғалақтап жүріп Алматы асты. А.Алт. ~ Солармен жалғыз рет болса да бет көрісіп мауқын басып қана ажалдың алақанында кетсе арманы ақталар еді ғой, амал қанша, енді міне жолы кесіліп, сол арман орындалмай, осы ауыр сапары ақталмай құрдымға батып бара жатқаны мынау болды, қайтсін-ай! Ш.Рах.