Posted in

ЖОЛЫ ТҮСТІ

Орайы келді. ~ Көбентай қалаға жолы түсіп бір соққанында: “Өзім секілді бір қойшының қызымен тұрмыс құрдым, шүкір жаман емес”, – деп кеткен. О.Сәрс. ~ Ақтеректей тіп-тік кеуде қоғадай иіліп, жүрегі тілім-тілім боп талықсыды. Басын көтере алмады. Жердің тесігі болса түсіп-ақ кетер еді. Сілесі қатты, мысы құрып. – Жолың түскенде келіп, қымыз ішіп тұр, Шәкен… И.Жақ.