Posted in

ЖОЛҒА САЛДЫ

а) Сапарға аттандырды, жол бағытын көрсетіп жіберді., сәт сапар тіледі. ~ Дуана қалай, неғып адасып жүргенін сұрамады: – Е, балақайым, адасып қалдың ба?.. Мамырбай, Мамырбай, Тәуірбай, Сауырбай… білем, білем… алып барайын, бағып қарайын, жолға салайын, — деп қолынан жетелей бастады. Ж.Айм. ~ Қазақ ауылы екі қызды секитіп өздерін ғана жібере алмай, қастарына төркіні сол Құлжада тұратын бір жақын жеңгелерін қосып беріп «барсаңдар, барып қайтыңдар» десіп жолға салды. Ж.Ахм.
ә) Бір нәрсенің дұрыс ыңғайын көрсетті, бағытын түзетті.
~ Мәкен мен Дәрмен дауының әлек, шатағының үстінде бұл кісілердің бізді ұғынып, түсінуі де сондай оп-оңай болды. Қағазымызды өздері жазып, болатын сөзді өздері жолға салып берді. М.Әу. ~ Сендердің аталарыңда шаруам жоқ. Бірақ Назар ауылнай болғалы, елге тәртіп орнағаны рас, – деді алғашқы алаң көз қара жігіт лағып бара жатқан әңгімені жолға салып. Т.Әбд.

б)Тәртіпке шақырды, жазалады, дұрыс жолға қойды.
~ Тарғыл тастың тағыларын жуасытатында күш-құдірет бар! Айыпкерді аяғына жығамыз. Тентекті түзеп жолға саламыз. М.Әу. ~ «Ұрымды тауып беріп, сұмырайды жолға салу орнына, ас беріп жатқан ағайындарын қоздырып, бізді сабатты» деп отыр. Ж.Ахм.