А)”Қайда бет алдың?” деген сұраудың орнына қолданылады. ~ Қараманмен көрісіп, Амандық сұрап білісіп, «Жол болсын, құрдас!»,— дегенге, Қараман құрдас не деді? “Қобыланды б.” ~ Әне, төбенің астынан тағы шыға келді. Машинаның жүрісін баяулаттым. — Уа, жол болсын! .. Қайда барасыздар, жігіттер? — Тойға… Шопан тойына! .. — А… Жолдарың болсын…- Күлімдей қамшыларын бұлғап барады. М.Сүнд.
Ә) “Оныcы не?” “Неге өйтті (ң)?” деген мағынада. ~ Әрине, тапаншалысы мықты, – деп ойлады Сүгір. – Онда құсмылтықтысының басынуына жол болсын?!» Т.Әл. ~ Бала-шаға құсап, қай-қайдағыны қиялдап, аралда тұрғысы
келгеніне жол болсын! Бұл не жөн? Ш.Айт.
