Posted in

ЖОЛ СОҚТЫ БОЛДЫ

Алыс жол, ұзақ жүрістен шаршап, қалжырады. ~ Сосын шөбі күйген сұрқай далада салт атты жолаушы ер үстінде жол соқты боп, шөл қинап келе жатқанда дәл осындай кіп-кішкентай торғай көде түбінен пыр етіп ұшатын да, аспанға шыр-шырлап көтеріліп алып, көз ұшында қанаты лапылдап жағы талғанша сайраушы еді-ау! Ә.Кек. ~ Жол соқты болып келген Бөлен сұлтан үстіндегі шапанын, басындағы қара елтірі тымағын Бикештің қолына ұстатты да, төр алдындағы жастыққа қисая кетті. Ә.Шәр.