Жолға көз тікті, алдын барлады; біреуді күтті; жоқ іздеді. ~ Кейде әкесі ауырып қалады, бірде ауданға шаруамен барады, сол кезде зілдей жолқапшықты томашадай Санжар мойнына іліп жолға шығады, жол қарайды. Д.Дос. ~ Бар үмітіміз — қыс ортасында қалаға кіре тартып кеткен әкеміздің тезірек оралуы ғана. Шиет тей-шиеттей үш бала күні бойы есік алдында отырып, жол қараймыз. Д.Әш. ~ Жол бойындағы өңшең қарадомалақ жол қарап жүріп, жолаушы лақтырып кеткен жартылай желінген алма, өрік тауып алады. Д.Дос.
