Posted in

ЖОЛ ҰШЫ (ҰШЫҒЫ)

Түпкі барар жер. ~ Мекке менен Медине жолдың ұшы, Иман таба алар ма барған кісі? Ата – ананы, мейманды құрметтесең, Меккеңнен де нұрлы ғой үйдің іші. Шал ақын. ~ Шырақтарым! Алыс жолдың адамына ұқсайсыңдар, баратын жол ұшы алыс па? – деді. Жігіт əңгіменің шетінен қозғап, жай-мəністерін баяндауға кірісті. Ж.Айм. ~ Жол болсын, қайным! Ауылдан қашан шықтыңыздар? Жол ұшы қай жер? — деп бақалау келген қара қатын Күлшара жеңгей сөйлеп өліп барады. Сөзшең адам екен, қайдағы-жайдағыны айтып, қаратып отырғызбады. Б.Май. ~ Алға ғана жүруім керек. Тек бір-ақ бағытқа. Арттағы нәжіс лептсн ұзасам, мына ақсиған үрейлі бастардан тез құтылсам, жол ұшығына жетсем… Аяғым ауыр, демім тар. Жүріп келем… М.Мағ.