Posted in

ЖОНЫН СЫРТҚА САЛДЫ

Теріс айналды, аулақ кетті. * Бәрінен бұрын Ақбөпе бұл үйден кетті дегенше, оның әкесі
Қапыш та жонын сыртқа салып, аулақтай береді дей бер. С.Жүн. * Ұлы Батый баһадүр
«Хандықтың ағасы» атанған тұсында да Қарақорымдағы құрылтайға бармады. Жонын
сыртқа салып, «Алтын орданы» қағанаттан бөліп әкетті. Т.Жұрт. * Осындағы атқа
мінерлердің біразына жалындық. Сөзімізді жүре тыңдайды. Андып отырып, күнде
әрқайсысының шылбырына ораламыз. Құлағына ілер ешкім жоқ. Жылмыңдап жүретін
Жайынбек те енді жонын сыртқа бере бастады. С.Жүн. ~ Ұрқияның дауына ел билері
шақырса да бармай, не ақтайтынын, не қаралайтынын білдірмей, жонын сыртқа салып қалас
қалған Науан тар жерде қол ұшын бермегеніне cepi алдында өзін айыпты санап жүретін.
С.Жүн.