Posted in

ЖОНЫН ТІЛДІ

Соққыға жықты. ~ Алтынай жақын келіні. Жел өкпелігі бар. Құлағына бірдеме тисе, соны жұртқа жайғанша асығады. “Тұра тұр, бәлем, байыңа айтып, жоныңды тілдірермін!” деп ойлады Шәрипа ішінен. Б.Майл. ~ Қырық үшінші жылы амалсыздан теңсіз бітімге барып едік, биыл оның да мерзімі аяқталды. Кәне, жоңғардың жонын тілем, ойрат ордасын талқан етем дейтін кім бар? Жолына кесе көлденең тұрмайық. Қ.Жұм.