Posted in

ЖОНЫ АСТАУДАЙ

Семіз, күйлі. ~ Екеуінің қалжыңына бәйбіше де араласып, келінін қостап жатыр: ― Марфуғажандікі дұрыс. Дәмдісін аямай, алдымызға жайып, сыйлап отыр. Шөміштен қысса қайтер едің? Байының бар тапқанын өзі жеп, жоны астаудай болып жүретін келіндер де бар. Ғ.Мұст. ~ Түні бойы тоқтаусыз қуылған аттар бүйірін соғып солықтап тұр. Әсіресе семіз торы жорға танау қағады. Жоны астаудай жолбарыс шұбардың қабағы да терлемепті. І.Жанс.