Posted in

ЖОН ТЕРІСІН СЫПЫРДЫ

Өлердей қып соққыға жықты, сойып салды. ~ Қарағым, Момыш, қызымды алып отырған
соң, сен де баламсың. Анам десең, бір жолға тілегімді қайтарма. Татулықтарың бұзылмасын.
Енді ерні қыбырлап, бейпіл сөзге үйір болса, қызымның жон терісін сыпырсаң да ризамын,
— деді. Б.Мом. ~ Егер онысын әлдекім көріп қалып, француз бейге жеткізсе, Қабанның
өшін бұдан алып, жон терісін сыпырар. Пәледен машайық қашады, аулақ жүргені дұрыс.
А.Смай. ~ Шапқа қолын салады, Шаптан тартқан шап айыл Бірге бітіп қалыпты. Ерге қолын
салады, Жон терісін сыпырып, Қосай жұлып алыпты. “Ер Қосай”. ~ Қасына таяғанымша
тоқтамай, жортар жарықтықтың жон терісін сыпырды келістіріп. «Жә, жетер», – дегенімше
боратты ғой». Д.Қу. ~ Тілеуің берсін, осылардың жон терісін сыдырған өлеңдерің бар ма
Абай екеуіңнің? Соларыңды айтып, тым құрыса, етім мен шайымның есесін әперші?- деп, үй
ішін күлдіре сөйледі. Абай. ~ …бірақ солдат өзінің дінінен безбей, қандай азапқа болса да
көнуге бекінеді, сөйтіп жон терісін сыдырған кезде Христосқа сиынған күйі өліп кетеді –
оның бұл ерлігі сол күнгі газетте басылған екен. Ф.Дост.