Posted in

ЖОРҒАСЫНАН ЖАҢЫЛДЫ

Бұрынғы әдетін ұмытты, өзіне жат әрекетке барды. ~ … ылғи да көңiлiнен шығып құлдыраңдап тұратын екiншi бiреу сәл жорғасынан жаңылып кетсе, апшысы қуырылып, мың күндiк жақсылығын бiр күндiк қателiгi тәрк етiп, тас-талқаны шықпай ма. Орталық та Қазақстанға сондай қырғи қабақ танытты. Т.Сәу. ~ Калашников пен Апанастың арасындағы болған қақтығысты аудармай тым-тырыс отырып алды. Калашниковтың тегеуріні қаттылау. Апанас әлгі жорғасынан жаңылыңқырап қалды. С.Елу.