Көңілі-күйі қуанышты, мәз-мейрам. ~ Қуанышымызды бiлдiре үйiне құттықтай бардық, құр қол барамыз ба, бiр тондық дүниесiн де бөктергiсiне байлағанбыз. Жағдайы жорға мiнгендей, жайраңдап, қаумалаған алқалы топтың ортасында отыр. Ш.Құм. ~ Ғарифолланың жорға мінгендей желпініп, тымақты алшы киетін төл аты – терме. А.Жұб. ~ «Боз жорға» әнінің «Өмір – бәйге, боз жорға, Сенен жүйрік озған ба, Боз жорға, Боз жорға» деген жолдары кез келген тыңдарманның тамырына қан жүгіртіп, бәрі де жүйрік жорғаға мінгендей күйге енері анық. Г.Орда.
