Posted in

ЖОТАСЫН КӨРСЕТТІ

Айбат қылды; қорқытпақ болды. ~ Өзі ұста. Елде жоқ өнері бар. Енді ол сыйласа, кісі тек бола ма дегендей боп, Талпақ тіпті Жамалға да сый қонақтай қоқилана түсіп, жота көрсете бастағандай еді. М.Әу. ~ Болыс (Жантасқа). Спесікті қайтпексің? Өзің кімге қарсысың, спесікке ме, ұлыққа ма? Дауыстар. Ұлыққа да, саған да қарсымыз, ал! Ұлықтың атқан оғы болсаң алдымен саған қарсымыз. Ұлық деп жотасын көрсетуін, ең алдымен ұлығыңмен боламыз, бер спесікті! М.Әу.