Биік еңселі, өр кеуделі, сұсты д.м. ~ Қампай, Күмпей қасынан, Жем, Темірдің басынан, Қалбағайлы Бұлдидан, Қасқалдақты Ылдидан, Тобылғылы Нұрадан, Сексеуілді жырадан, Байалышты құмайттан, Бүлдіргенді шыңайттан, Жалғыз өтіп жөнелді. Астындағы Бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп, Жауған күндей күркіреп, Жаңбырдай тері сіркіреп. Омырауы есіктей, Ойынды еті бесіктей. А.Байт. “ҚҚҚ”. ~ Алты ат кетіп қалған соң, Бір сарғыш ат келеді Жауған күндей сіркіреп, Жарылған жердей күркіреп, Бір ернімен жер тіреп, Бір ернімен көк тіреп. Үркер, қорқар мал емес, Бұлаққа басын салады. “Ер Қосай”.
Жүйрік атты әсірелей сипаттау. ~ Астындағы Бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп, Жауған күндей күркіреп, Жаңбырдай тері сіркіреп. Омырауы есіктей, Ойынды еті бесіктей. “Қобланды.”
