Posted in

ЖОҚТЫҚТЫҢ (ЖОҚШЫЛЫҚ) ҚАМЫТЫН КИДІ

Көрген күні қараң болды; жоқтық көрді; қиындыққа ұшырады. ~ Әкесінен қалған бар мал-мүлік солардың талауына түскен. Жоқтықтың қамытын киген анасы күні бойы тышқан аулап, шөптің тамырын теретін. Р.От. ~ 1990 жылдардың аяғында Қазақстанда анау айтарлықтай жағдай болмады. Тәуелсіздігін алған жас мемлекеттің алдында сан бұралаң жол жатты. Жұрт жоқшылық қамытын киді. Сенделіс. Б.Тай.