Не болса соны әңгіме қылды, қисынсыз көп сөйледі. ~ «Келбет көрсең, сын сорма!», «Түсі игіден түңілме!» деп, қазақ неге айтады? Апа, кейде жоқты айтып кететінің бар-ау! Түрі шошқа кісінің сыры қай оңушы еді? – деп апасын іле түрегелді. Ж.Айм. ~ Міне, көрдіңіз бе? Сіз өзіңізде барды айтып мақтануға ұялсаңыз, қайсы біреулер өзінде жоқты айтып мақтануға, тіпті біреу арқылы мақтануға да ұялмайды. Мынау газетке мақала жазған жолдас мені мақтаймын деп мазақ қып қойыпты. Ә.Әб. ~ Иса да шынын айтып:
– Дүниеде Айдарбектей қазақтың барына қуанып отырмын, – деді. – Сен де қайдағы жоқты айтады екенсің… А.Жақ. ~ Ерінің неге деген сұрағына: – Өйткені бірі жеңіп, бірі жеңілген дауда бітім болмайды. Бітім болмаған соң аяғы келіп бірдеңеге ұрындырады, – деп қайдағы жоқты айтып қамығып қалады. Е.Әл.
