Жарлы-жақыбай, кедей. мұқтаж адамдарға қайырымдылық қылды. ~ Дастан мазмұны автор баяндауы арқылы ашылады. Лирикалық қаһарман сан-сала оқиғаны тізбектеп, біріне-бірін ұштастыра жырлайды. Ақыл-өсиет, насихат болар болжам жасайды. Бақыт жолын сілтеп, тәкаппар болмай, кішіпейіл болып жоқ жітікке қарасып, әлсізге қамқор болуды ұсынады. Х.Сүй. ~ Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. БАҚ. ~ Мұнда әділ патша билігін аңсау, жақсы өмір, тату-тәтті қарым-қатынас орнату, ақылмен адал іс қылып, өз еңбегімен күн көру, барлар жоқ-жітікке қарасып қайырымдылық көрсетсе деген сияқты ізгі пікірлер жинақталған. Х.Сүй. ~ Он бес жыл бұрын жекеменшік қожалық құрған азаматтар мемлекетке ешқашан иек артып көрмеген. Мұндай әдемі әдетті әкелері бойға сіңірген екен. Құт дарыған әулет маңайындағы жоқ-жітікке қарайласуды қадетке айналдырған. А.Сүл. ~ Нашарға жаның ашып, ішің күйсе, Бейнетпенен мал тауып, пайдаң тисе. Кем-кетік, жоқ-жітікке қайырылысып, Аш тойынып, жалаңаш киім кисе! М-Ж. Көп.
