Posted in

ЖУАНДЫҚ КӨРСЕТТІ (ЕТТІ)

Басынды, езгіге салды, өктемдік қылды, озбырлық көрсетті. ~ Бәленің басы «сен неге қатын алмайсыңнан» басталып жүр. Қайта- қайта сүйкеніп, тілмен қажап, жуандық көрсететіндерін қайтерсің! Ә.Асқ. ~ Әй, құдайын ұмытқан кәззап! Сен жуандық көрсетпе! Сенің дәуренің өтіп бара жатқан тәрізді. Мен әкеткен құла дөнен осыдан үш жыл бұрын сен ұрлаған менің торы биемнің құлыны! Оған айғағым мол! Ұ.Дос. ~ Бұрынғы жуандық көрсетіп, жұдырық билейтін күн жоқ. Құйрығын жымып, бір түнде боқтығын сүйретіп қалаға тартпақ болып үйіне оралды. С.Бег. ~ Қайсыныңа зорлық етпей, қорлық көрсетпей, жуандық етпей жүр еді. Оразбай асып-тасып болған жоқ па, кеше мен бүгін?! Алдынан шығып, шаужайға қаққан бірде-бір ер, әлде бір ел шыға ма, жоқ па?! Қарын шашы алынбай, қара албасты кете ме?.. Жоқ, кетпесін!.. Алу керек елдің өшін, ердің өшін! М.Әу.