Posted in

ЖУАН ОРТАСЫНДА ЖҮРДІ

Әлдебір іске белсене ат салысты. ~ Екi рет бақ сынап бәйгеге түскенде аяқтан шалып, омақастырғандардың жуан ортасында жүрген адамды аясын ба. Т.Сәук. ~ Дәуке, сонда қалай? Ол ғой барып тұрған көнтiр. Кеше қалқоздасу кезiнде бүлiншiлiктiң жуан ортасында жүрдi. Ел арасына iрiткi салды. Б.Алд.