Қарапайым, қарабайыр, ел ішінде азды-көпті беделі бар қыр қазағы. ~ Әбділдә аз-кем ойға шомды. Маржан жесір отырған жеңгесі. Ағасы жуан қоныш шаруа еді. Маржан келіншек болып түскеннен байын менсінген емес. Абысын-ажындарымен сөйлескенде «бұл көрімге қатын болып бір күн де тұрмас едім, төремнің көңілі үшін ғана жүрмін» деп айтады-мыс деген сыбыс ертеден болушы еді. Б.Майл. ~ Жуан қоныш, байпақты етік, Салпаң құлақ сеңсең тымақ, Шидем күпі, кір-кір жейде, Тозған шапан құрақ-құрақ Тұрған жоқ па музейлерде ілулі? Ә. Тәж. ~ Ал, шынтуайтқа келгенде, Маншың төрелеріне мына отырған сырт тұлғасы бір – бірінен айнымайтын, өңкей шошақ тымақты, жуан қонышты қазақтардың қайсысы зәңгі болса да, келер– кетері жоқ, бәрібір еді. Қ.Жұм. ~ Ақ көйлек дала адамы аңқылдаған, Жүрегінен мейірімі сарқылмаған. Бас алғыштың түріндей түсі суық, Төреңнің керегі жоқ жарқылдаған. Өзімнің жуан қоныш биім жақсы, Қалай отырып тұрсам да парық қылмаған. С.Тор. ~ «Ол заманда орысша оқып, қанжығаласып ел билеу iсiне қатынасқандар төре тұқымдарынан болған. Бұлардың iшiнде бақ күндестiк туды. «Жуан қоныш, сасық қазаққа не қылған адамишылық», – дегендей. Ыбырайдың тұрған облысына дабысы күштi, ел оны әулие қылып ұстай бастады. Бұл бұрыннан қазақ елiн билеп, меншiктеп қалған төрелергеұнамады». М.Әу.
