Қозғалуға шамасы келмей, иіріліп қалды. ~ Жұрт бірін-бірі тапап, біріне-бірі тығылып жерге жабысты. Біреулер басын шапанымен, біреулер қолымен қымтап, бүркеген болып жатты. Бірер минуттың ішінде қосақталған, байлап-маталған аттар бет-бетіне қашып, төбенің басында жусаған қойдай боп, жер бауырлаған адамдар ғана қалған еді… Б.Майл. ~ Қырық шораның бәрінде Бататары мойнында, Тезатары қойнында. Жетіп келді шоралар, Жусаған қойдай болысып, Жетер екен көп кәуір, Ай жағынан тиген дейді, Айтадан сүрең салған дейді. Ә.Марғ. (“Кәкітай…”) ~ Манағы, алдымызда құмырысқадай қыбырлап келе жатқан жұрт жусаған қойдай болып қалыпты. Әлдеқай жерлерінде ыңырсынған, жыламсыраған дыбыстар естіледі. М.Дәу. ~ Күн астында жусаған қойдай болып иіріліп отырған кеңесшілеріне пәрмен берді. Д.Дос.
