Басына бәле тілеп алды; бекер соқтықты. Басына бәле тілеп алды; бекер соқтықты. ~ Олардың сыңайын байқаған шал қозғалақтап барып, денесін түзеді де, жайлы мұртын сыйпап қойып: — Ол біздің тоқал болады. Түрткілеп білгілерің кеп отырғаны сол ғой, — деді күліп. — Ал жыланның құйрығын басқан өздерің, енді сөзге құлақ тосыңдар. К.Қаз. ~ Жол айырыларда Асау батыр: ~ Исатайдың да, Махамбеттің де кегін қайтардық. Бұдан артыққа шама жоқ! — деді Сегізге. — Енді елдің хал-күйі қандай болады – білмеймін… Иә, улы жыланның құйрығын ғана кестік. Оның басын кесуге, белін үзуге көп күш керек. Улы жылан – патша отаршылары мен олардың сатқын жендеттері — Жәңгірлер мен бай-сұлтандар. Б.Тоғ. ~ Айтып нем бар. Ыстық өткен түйе құсап мәңгіріп жүре берсін. Тәтті қиялын бұзып қайтеміз. Тура боламыз, ашық боламыз деп айтып сап, ол пәлені тағы ұйқысынан оятып ап, одан өзінше сабақ шығарып, кәдімгідей жіптіктей жетекшіге айналса, басымызға әңгіртаяқ ойнатар. Біз жатқан жыланның құйрығын баспаймыз. М.Қаб. ~ Қара басып күмілжіп қалдым. Бастан құлақ садаға дедім де, Нұртайға шық жуытпадым. Нұртай Хазовпен байланысты деген сөз миыма қонбайды деп отырып алдым. Жатқан жыланның құйрығын баспайын деп, түлкі бұлтаққа салдым. С.Ом.
