Жер бауырлап, сан бұралып, жымысқылана қозғалды. ~ Осылай жүрегің елжіреп тұрғанда, кенет кеуде толы қуанышқа бір мұздай күдік жыланша ирелеңдеп кіріп бара жатты. Ә.Нұрш. ~ Кешеден бергі әдемі әсердің бәрі күлі көкке ұшып, бір сұрқия күдік жыланша ирелеңдеп, тұла бойын аралап бара жатқандай көрінді. К.Қаз. ~ Ат шаптырса жетпейтін орамды алып жатқан Кегеннің кең жазығы. Мың бұралып жыланша ирелеңдеп ағып жатқан өзен. Су сылдыры, самал жел — осының бәрі де жастықты паш етіп мадақтап тұрғандай. С.Шай. ~ Ернеуі мұз қабыршақтанып жатыр. Тебеген аттай жымқырылып, арқырамай, жымысқыланып, жыланша ирелеңдеп, жылжып бара жатыр. Судың беті – ирек-ирек, қап-қара. Сірә, иірім. Сірә, терең. Ш.Мұрт. ~ Ал қазір… құлақшын сол зымыраған күйде, құздың табанындағы жыланша ирелеңдей қарайып жатқан бұлақ суына барып жалп ете түсті. С.Мұр.
