Шарасыз халге түсті, еркінен айрылды. ~ Балапан үстіне там төбесі құлап келе жатқандай қатты шошынды. Жылан арбаған торғайдай көзі бақырайып мелшиді де қалды. Н.Сер. ~ Ар жағымда, бір бес күнде мені жұтқалы не бір зындан, не бір меңіреу дүние тұрған сияқты болады. Жылан арбаған торғайдай қанат кағып тұрып, сол азынаған зынданның қараңғы аузына құлап түсетіндеймін. Б.Тоғ. ~ Әміршінің айтқанына қарсы басар аяқ жоқ, екі көзі ұзап бара жатқан күйеуінде, жыланға арбалған торғайдай өзінен өзі байланып дірілдеп тұр. Ә.Әб. ~ Ән біртіндеп, ұтылай көтеріліп барып-барып кілт үзілді, жылан арбаған бозторғайдай шырқау биіктен бір-ақ құлады. Ж.Нәж. ~ Өз ойына оралмай жүрген түйткілдерді дөп басып, жанды жерінен қапысыз ұстағандай. Ол жылан арбаған бозторғайдай бәріне де көніп, бір ауыз уәж айтуға жарамады. К.Сег.
