Көздері бақырайып, не істерін білмей аңырап қалған адамның сипаты. ~ Жылан көрген бақадай жанары шатынап отырған жылбысқа сары Асекеңнің үшкірігінен соң барып есін жиды… Қ.Ысқ. ~ Автоматтың оғындай жүдемелеткен аргументке орыс басшыларының өздері жылан көрген бақадай арбалатын да қалатын. Секеңнің сөздері тірі жанды тыпыр еткізбейді, «аяқ-қолдарын кісендейді» де тастайды. Қ.Жиен.
