Posted in

ЖЫЛАРМАН БОЛДЫ

Жылауға шақ қалды. ~ Сол айтқандай, Орақ менен де гөрі саған жақын. Сен оның бауырысың. Құрсағың ұяң бір. Түсіндің бе – ей, Нұрперзент?! – Неғыл дейсің енді, – деді Нұрперзент жыларман боп. Қ.Ыс. ~ Ауылдың клубы аузы-мұрнынан шықты. Ине шаншар жер жоқ. Алма өзінен екі класс төмен, бесіншіде оқитын інісі Санжармен барып еді — билет те, орын да жоқ. Не істерге білмей, жыларман болды. Ф.Оңғ. ~ Бүгін апамның емес, менің туған күнім емес пе? Әжелерің маған ештеңе беріп жіберген жоқ па? – деді ол жыларман болып. А.Мант.