Жауын-шашынды, салқын тартқан мезгіл. ~ Өзгеріс қашанда болса кенет болмақ. Екі ай, үш ай, күз дейміз. Сонда күздің келгенін адам екі-үш ай бойына сезіп жүрмейді. Бір-ақ уақытта, айталық, бір-ақ түнде әжімді жүзі жылауық күздің келгенін сезіп қалады. Шолпанның «бала болмасын» деген ойы да бір-ақ түнде өзгеріп шықты. М.Жұм. ~ Қайыры жоқ қауымның түксиген қабағынан түрткi көрген қайыршыдай жүдеу тартқан жылауық күз соңғы күндерi құшағындағы бауыры – қара жердi өкпеге оқша қадалған қара суығымен ықтырып, қытымыр қылық танатып алған. П.Дүй. ~ Жылауық күздің түнінде, Жылауық қызбен бір жүрдім. Бірауық тұрдым дірілдеп, Жылуын аңсап күндіздің. Ә.Қай.
