Жағымпазданып елпілдеді, біреудің асты-үстіне түсіп, лыпылдады. ~ Әліштің оң тізесін баса отырған, қапсағай пішінді, қауқиған сақалды, аларған көзді біреуді көресің. Ол — Әліштей жылмаң қақпайды, салқын қанмен, сені елемегенсіп, сенен өзін артық санағансып, саған жоғарыдан қарайды. Б.Майл. ~ Мұқаш менің жөнімді айтып еді, оған да лыпылдап, көңілді жауап қайтарды: -Жарайды. Біз ақылдасып көрейік.- деді Мұқашқа қарап, жылмаң қағып. Ж.Сәм.
