Жанын жадыратты, жүрегіне жылылық ұялатты. ~ Сенiң жүрегiңде тек естелiктер ғана қалады. Мүмкiн, оянғанда кiрпiгiңе iлiнген сәуле болып, мүмкiн, аязда тоңғанда бетiңдi жылытқан шуақ болып төгiлермiн. Әйтеуiр, саған жылу сыйлаймын. Менi iздеме, қош… Т.Жұрт. ~ Білесің бе, көктегі Күннің құдіретін? Күміс күлкіге бөленген, риясыз сезімге нұрланған шапағатын, адамдарға «өмір сүріңдер» деп жарық пен жылу сыйлаған махаббатын, бүкіл тіршілік иесіне танытқан шуағын, сарқылмас сыйлық қуатын… сезінбей келеміз-ау?! Ә.Ысқ. ~ Алтай беттегі Қалба тауларына жолыңыз түссе, осыдан алты мың жыл бұрын аталарымыз аспан әлемін бақылаған Ақбауырға соға кетуді ұмытпаңыз. Ал бәрімізге жылу сыйлайтын Күніміздің қай тұстан шығатыны басқа әңгіменің желісі. C.Байх.
