Posted in

ЖЫЛЫ ОРЫНЫН СУЫТТЫ

Бір жаққа суыт аттануға тура келді; қоныс ауыстырды. ~ «Хатта совхоз ит арқасы қиянда деп еді, рас-рас, жақын болса, бала-шаға, кемпір-шалға дейін қалаға шулап келіп, дулап қайтып жатпай ма, өте шұғыл, бастан асатын шаруа болмаса қарасулықтар қыраулы қыс көзінде жылы орнын қайдан суытсын». М.Қаб. ~ Жарқын трубканы қолына ұстаған күйі, ойланып отырып қалды. Иә, тағы да бірер жұмадай жылы орнын суытып, қағаз-қаламды жинай тұруға тура келеді. Қ.Жұм. ~ Мені қайтеді дейсің, қиын болса бірер ай қамар. Есенболдың обалына қалдым-ау! Жылы орнын бекер суытқан екенмін! Қап! Т.Рыск.