Posted in

ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ұнатты; жылы шырай танытты; ықылас білдірді; қошемет көрсетті. ~ Шал мен кемпір ғана екен. Жұмыртқа асып беріп, жылы қабылдап сыйлады. Б.Соқп. ~ Музыкалық сауаты жоғары Асылбек менің даусымды тыңдап көргесін өзінің жаңа әнін ұсынды.Алғаш рет әйелдер мерекесі тұсында орындалған сол әнді көпшілік жылы қабылдады. Ү.Жәл. ~ Қожанияздың кабинетіне шығарға жаны мұрнының ұшында екі тізесі қалтаңдап зорға кірген. Айтары жоқ, анау жылы қабылдады. Н.Дәу.