Өскен орта, жайлы мекені, шаңырағы. ~ Әпкесі тірі күнінде не бір күнге, не бір сағатқа қабағын шытып ренжіген, өкінген пішінін Жәмешке көрсеткен емес. Сондықтан әжесімен бірге жездесінікіне барып тұрған уақытта Жәмеш күннің қалай өткенін білмей де қалатын. Қайтар кезде: қонақшыл, көпшіл, көңілді ауылды – жылы ұяны қимағандай да болатын. М.Әу. ~ Әсіресе байғұс папама дегенде төбе шашы тік тұрады. “Жылы орынымнан қозғап, балаларды жылы ұясынан адастырып, ақыры біреудің босағасына әкеліп кіріптар еттің. М.Мақ. ~ Анда-санда күңгiрт қарауытқан мұржадан жұлқына қашысқан тiкше ұшқындар жылы ұя, жайлы төсектi ерекше сағынтып, сезiмдi арбайды… П.Дүй.
