Мамыражай жайлы тірлік туралы. ~ Бір-біріне қатты сез айтпай, бірінің тыныштығын екіншісі бұзбай, жылқының жусағанындай, бейбіт те берекелі өмір орнатар ма еді, қайтер еді, егер аруақтар зәуде қайтып оралса… (шіркін-ай, қайтып оралса). О.Бөк. ~ Біз әсте ойламай, ойланбай ғұмыр кешкен емеспіз, әсіресе, жылқының жусағанындай тынышты, айлы түнде ешкімнің мазаламауын, ұйқымыздың бұзылмауын тілейміз. О.Бөк. ~Алтай өңіріне нағыз жеңіс, жылқының жусағанындай бейбіт заман, бар бақыт пен байлықты осы неміс қызы ала келгендей еді. О.Бөк.
