Posted in

ЖЫЛҚЫ МІНЕЗ

Ұмытшақтық, бейқамдық, жақсыны да, жаманды да тез естен шығаратын қаперсіздік жайында. ~ «Адам жылқы мінезді, аунаған соң мінгенін ұмытады» — деген мақалдай- ақ, сол кезде Әділ қашқын екенін де ұмытты- ау дейім. Шәк. ~ Қазақ жылқы мінезді. Бір кездегі шу асау, арқасына бір жыл ер тимесе, иесін танымай кетеді. Жақын барса құлағын жымитады. Бір қыс қар өтсе, қазақ та солай, қайтіп жұт болмайтындай көреді. З.Шүк. ~ Байқұс-ау, бас бостандығың өзіңе тигеніне бір-ақ ай болды ғой. Ал ол тиді ме? Бірнеше күннен кейін тағы темір тордың арғы жағынан зоопарктегі хайуандай отырмасыңа көзің жетті ме? Бүйтіп шығып көріп едің ғой, бұрын да. Жылқы мінезді қоятын уақытың болып еді ғой. Б.Қыд.