Үні өшті, тып-тыныш болып, жуаси қалды. ~ Солдат алудан, майданға, қара жұмысқа барудан өлгенше қорқып, қиратылып қалатын қазақ бір орыс келсе, бір тайпы ауыл жымдай болатын. Ж.Айм. ~ Кезі келгенде қандай бәлеге болса да шыдайтыныңды бір көрсетсең, бар жауың жымдай болып тақымын қысады. Әйтпесе емен де, семен де басынып, оңай қоржын қылып алады. М.Әу. ~ … арап жазуынан басқарақ, бiркелкi боп жылып аққандай орыс жазуын көргенде, әлгi адамдар iштерiнен сұқтанып, жымдай тынатын. М.Әу.
