Мәз бола күлімдеді; жымиып, күлім қағып, ризашылығын танытты. ~ Сырты бүтін, іші қу, тапап кетердей омырауы бар Қалдықара, Таңжарықты көргенде, баяғыша аман- сәлемін өзгертпеді. Қайта сақ- сақ күліп, жымың қақты. Т.Рыск. ~ Расында, көкесі директор болса, бұл өстіп қар жамылып, қалтырап келе жатпас еді, Сағынтайдың су мұрын баласы сияқты бұл да жылы үйде жымың қағып отырар еді. Д.Әш.
- Жалт-жұлт етті. ~ Ай қараңғы. Күн жылы. Аспандағы жұлдыздар да Көкеңе «ойың мақұл» дегендей жылтылдап, жымың қағады. Ж.Айм. ~ Күн әлдеқашан батқан. Жұлдыздар жымың қағып, көк барқыт аспанды сірестіріп барады. М.Дәул.
