Жарықты шыр айналып ұшып, шамға соғылатын түнгі көбелек. ~ Көкте – Текке дөңгелеп, Қар қонбай жүр жерге кеп: Шамды айналып ұшатын, Бейне жынды көбелек. Ө.Ақыл. ~ Ыңырсып бір ән жел жақтан өттім, Жаймадым, әттең, неге кеп құшақ? Қасында жүрді сен жаққан оттың, Көңілім жынды көбелек құсап. Св.Нұр. ~ Мына бір көбелек те емделуге келген бе? — деп қалды біреу езу тартып. — Мұнда Жынды көбелектер де келеді, — деді Ерекең ызалы күлкімен. Б.Қыд.
