Posted in

ЖЫНДЫ СҮРЕЙ

Есерсоқ, сотқар, бұзық. ~ Асекең көлдей орамалмен көзін тас қылып таңып алды да сілейіп тұрып жатты. Сырт көзге төсекке таңып тастаған жынды сүрей сияқты еді. Қ.Ысқ. ~ Заманымыздың бақылай отырып жындысүрей ғасырын, үнемі өз сайтаныммен керілдесетінім де, жасырын… Т.Әбдікәк. ~ Мінезін қайдам, серінің тұлғасы бар. Мінезін қойшы, сол серілердің Ішінде де сөзге сараң тұйықтары кездескен шығар, бәрі дерлік қу жанын жеген жынды сүрей, алкеуде болмаған шығар. М.Қаб.