Неше түрлі қитұрқы қимыл жасап, айбаттанып, қоқиланды. ~ Әкіри айқайдың арғы-бергі ата-бабасын жиып отыр. Жынын шақырған бақсыдай. Көк телефонына «жайдақ мініп алып», азаннан бері руластарын, құдаларын, көзтаныс-жүзтаныс атаулыларын «аралап келіп» еді. Ғ.Қаб. ~ Бура о жақ, бұл жақтағы жынын шақырған бақсыдай біраз қоқиланып, желкесін күжірейтіп айбаттанып алды да, бір кезде ошарылып құлаған құз жартастай аруанаға қарай ауызды ашып ұмтылды. С.Ел.
