Posted in

ЖЫНЫН ҚАҒЫП АЛДЫ (ҚАҚТЫ)

Бетін қайтарды, көкірегін басты, сабасына түсірді. ~ Оны бұдан өзге ешкім де ауыздықтап мінбеген. Талай әлдемді шабандоздар Шамның жынын қағып алмақ болып дәмеленгенде, мертіге жаздап, зорға аман қалған. А.См. ~ “Ағаға айтсам, жынын қағып алатын шығар. Жеңешеме айтсам, ұрсып, ақылын айтып, тоқтатар”, — деп үміттенген. Таңның атуын асыға күткен. Ә.Тар. ~ Кластағы қыздары шуылдап, ұл балалардың “жынын қағып”, өз орындарына отырғызып, тәртіпке келтірген соң, бес- алтауы ұстазханаға келіп: — Тәте, тәтетай, сабаққа жүріңіз! — деп жалынды. Ә.Тар.