Posted in

ЖЫН ҚУҒАНДАЙ (ҚУҒАН)

~ Жүріп кетті. Көкбайдың машинаны қалай айдайтыны белгілі ғой. Ә дегеннен- ақ жын қуғандай құйғытып ала жөнелді, арықты арық, шұңқырды шұңқыр демейді. С.Мұр. ~ Жын қуғандай екпіндетіп келіп состиып тұра қалған жігітке жалт бұрылысып шуылдасып қалды. Танауынан құшақ- құшақ бу атқылап кейін қайтты. С.Елу. ~ – Бар пәлекет осы жын қуған шалда, – деп әлдебіреу жерден бір кесек тасты алды да, үйге қарай жіберіп қалды. Қ.Мүб. ~ Бұрын… бұрыны несі, күні кеше ғана ғой Жолдасбек жын қуған кісіше ұйқыдан ісінген бет- аузын калькулятор тергіштеген нәп- нәзік саусақтарымен әлсін- әлі уқалап, көнетоз жейдесінің тамақ түймесін жолай түймелеп, аяғына іліккенді сүйрете салып, цемент басқышпен төмен қарай алқына жүгіруші еді- ау. Қ.Жиен.