Posted in

ЖЫП БЕРДІ (ЕТТІ)

Шалт қимылдап, кетіп қалды, жоқ болды. ~ Қуғыншы ауыр қолдың жақындап қалғаны белгілі болды. Оны қаша соғысып жүрген дұшпандар да байқаса керек, жып беріп өзен бойына шегінді. Ә.Кек. ~ Айналасына ұзақ қарады. Үйін бір айналып шықты. Сосын атасының қорғанына қарай ақырын жүріп барып, жып беріп кіріп кетті. Н.Дәу. ~ Құлдық, тақсыр! Кругом марш, ары қарап тұр! – Ғайша, обалы не керек, төсектің серіппесін сықырлатып жатыр. Көп ұзамай жып етіп сыртқа шығып кетті. М.Қаб.