Posted in

ЖЫРТЫСЫН ЖЫРТТЫ

Біреуге жақтасты, сөзін сөйледі, мүддесін қорғады. ~ Жау Құландыны шапса бір сәрі. Сонау өзіміз көріп-білмеген жердің жыртысын жыртып… құрысыншы бәрі де, – деп қолын бір сілтеді де елден бұрын шыға жөнелді. О.Бөк. ~ Мағжанның жыртысын жыртпақ түгiлi бұл жазғандар кешегi Желтоқсан уақиғасы тұсында ар-намысын таптап, жетiм күшiктей қыңсылатып көкiрегiнен тепкенде де қыңқ етуге жарамаған жоқ па… Т.Сәу. ~ Құдай біледі-ау, керей іздеп кергитіндей, қарауыл іздеп қарғитындай Азнабайдың, Жанботаның жыртысын жырта жүргем жоқ, бәрі күн көріс қамы ғой… С.Жүн.