Көңілін пәс қылды, уайымға бөледі. ~ Бұларды жаяу дуанға айдап барады. Бұл іс көтеріңкі елдің жығасын түсірді. Көрмегенді көріп, көзіне көкала шыбын үймелеп, 150 кісісінен айрылып, Қайнар, Сақай деген ел ұлардай шулады. І.Жанс. ~ Жетісудың қазақ-қырғызынан Сарбағыш, Дулат қосылған. Осылардың Ұзынағаштағы ұрыста жеңілісі Орта Азия халқының жығасын түсіріп кетті. І.Жанс. ~ Жер-жиһан соғысы қарсаңында патша өкіметі қармағын қайрап қазаққа салған еді. Алым-салымнан елдің әбден жығасын жығып, жігітін ішкі Ресейге, майданға тозғындатып жібермес еді. І.Жанс.
