Posted in

ЖЫҒЫЛҒАН ҮСТІНЕ ЖҰДЫРЫҚТАДЫ

Жер болған жанды одан сайын тұқыртты д.м. ~ Көзі жайнап тірі жүргенде, жұртқа тастап кетуге қайтып дәті шыдасын. Әй, дүркіні бармайды. Көпжасар сорлының ақыл- есін ащы су алып тынған шығар? Сосын алжасты да, енді жығылған үстіне жұдырықтай бермей, қайтадан адам болудың шарасын іздеу керек. Т.Рыск. ~ Уа, ағайын, орталарында ойнақтап жүрген лақ едім, аңдаусызда от бастым. Кешірер деп келдім. Жығылған үстіне жұдырықтамас, көтерер, сүйер деп келдім, – деді Сәбит. C.Шай.
~