Posted in

ЖІБІН ШИРАТТЫ

Рух беріп, қайрады. ~ «Осының өзі ынжық болмаса не ғылсын» деп жүрген әкесі баласының сөзіне риза болып және «сол баланың өзін отты деуші еді, Көжектің де жібін ширатар» деген ойға келіп, қолындағы үш-төрт тұяғының екеуін атап құда түсті. Т.Ахт. ~ Егер төрт ай бойы кендір арқанды суға салып қойсаң ол шіріп кетеді. Ал адам шынығып, ширай береді екен. Ол үшін адам өзінің бір жібін іштен үнемі ширатып отыруы керек. Ә.Нұрш.